№ 9 студенттер үйінде Кері ағымдардың болмысы мен зиянын түсіндіру тақырыбында іс-шара өтті

9 студенттер үйінде «Кері ағымдардың болмысы мен зиянын түсіндіру» тақырыбында іс-шара өтті

2018 жылдың 22 қарашасында №9 студенттер үйінде «Кері ағымдардың болмысы мен зиянын түсіндіру» атты тақырыпта іс-шара өтті. Студенттерге кері ағымдар өз тарапына қалай арбайтынын, қандай әдістер қолданатынын, әсіресе ғаламтор желілеріндегі белсенді әрекеттерін презентация арқылы толық түсіндіріп, тақырыпты ашып берді. Студенттер арасында қызу талқыланып, өздерінің қызықтырған сұрақтарына толыққанды жауап берілді.

Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Рысбекова Ш.С., дінтану мамандығының 2 курс магистранты Рысбек Т.Ж.

Басылым күні :  29.11.2018