«Араб-мұсылман діни-философиялық көзқарасы» атты тақырыпта ашық сабақ

2018 жылдың 23 қарашасында «6M020600 Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Рысбек Т.Ж. педагогикалық практика аясында «Араб-мұсылман діни-философиялық көзқарасы» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. 

Ашық дәріс сабағы барысында дінтану мамандығының 3 курс студенттеріне араб-мұсылман философиясы туралы түсінік қалыптастыру мақсат ретінде қойылды. Ашық сабақтың міндеттері ретінде: 

- Араб-мұсылман философиясының орта ғасыр философиясындағы алатын орнын анықтау;

- Мутакаллимдер мен мутазалиттердің ара жігін ажырату;

- Философтардың еңбектеріндегі мәселелерді қарастыру.

           Жоспар бойынша мутакаллим және мутазалиттер, сопылық бағыт, шығыс перипатетизмі, түркі ойшылдары қарастырылды.

           Сабақ  барысында студенттерге  жаңа тақырып түсіндіріліп, студенттерге сұрақтар қойылып, қабылдаған мәліметті бекіту үшін видео көрсетілді. Сабақ соңында қорытынды жасалып, студенттердің туындаған сұрақтарына жауап берілді.

           Ашық семинар сабағы барысында өткен тақырып еске түсіріліп, студенттер «Протестанттық философия» тақырыбында семинар сабағын айтты. 2 курс магистранты студенттерге сұрақтар қойып, қарастырылмаған мәселелерді толықтырып отырды. Семинар соңында «Протестанттық философия» тақырыбы бойынша түсінбеген сұрақтарына толыққанды жауап берді. 

Басылым күні :  29.11.2018