Студенттер алдында ғылыми зерттеу жұмысын талқылады

2018 жылдың 22 қараша күні дінтану мамандығының 2 курс магистранты Исаков Бекмұрат дінтану және исламтану мамандығының студенттері алдында өзінің ғылыми-зерттеу тақырыбы «Қазақстандағы ислам атын жамылған ұйымдар» бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына талқылау жүргізді.

Талқылау барысында дипломдық жұмыстарды жазуға дайындық, дипломдық жұмыстың өзектілігі мен зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, тәжірибеде қолдану негіздері, дипломдық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар т.б. мәселелер кеңінен қарастырылды. Сондай-ақ, барлық көтерілген мәселелерге қатысты толық түсініктемелер берілді. Тақырыпқа байланысты ғылыми еңбектер, мақалалар, т.б. ақпарат көздерінің тізімі ұсынылды.

Студенттер өздерінің дипломдық жұмыстарына қатысты қажетті кеңестер алды.

Басылым күні :  25.11.2018