№9 студенттер үйінде «Дінтану. Энциклопедиялық сөздік» кітабының таныстыруы мен талқылауы өтті

2018 жылдың 22 қарашасында №9 студенттер үйінде  Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Байтенова Н.Ж.  және  дінтану мамандығының 2 курс магистранты  Касаинова К.Е.  ұйымдастыруымен  «Дінтану. Энциклопедиялық сөздік» (1-2 том) кітабының таныстыруы мен талқылауы өтті. 2 курс магистранты Касаинова Карлыгаш «Дінтану. Энциклопедиялық сөздік» (1-2 том) кітабын таныстырып, студенттерге бұл кітаптың дінтану саласының мамандарына, бакалавр мен магистранттарға,  докторанттарға және осы мәселелерге қызығушылық танытатын барлық мамандар мен жалпы оқырман қауымға арналғанын айтты. «Дінтану. Энциклопедиялық сөздік» 1 томында жалпы дінтану пәні, діндердің қалыптасуының алғы шарттары, діннің құрамдас бөліктері туралы мәселелер, дін мен діни үрдістер, дін философиясы, дін психологиясы, дін әлеуметтануы, дін феноменологиясы, дін антропологиясы, діни ілімдер, ежелгі діни наным-сенімдер, ұлттық діндер, соның ішінде қазақ халқының діни наным ұстанымдары жан жақты қарастырылғанын айтып, ал 2 томы әлемдік діндерге: буддизм, христиан және ислам діндеріне арналғанын баяндады.

Өткізілген орны: №9 студенттер үйі

Уақыты: 22.11.2018 ж. 19:00

Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Байтенова Н.Ж., дінтану мамандығының 2 курс магистранты  Касаинова К.Е.

Басылым күні :  25.11.2018