№9 студенттер үйінде «Обманутая женщина» фильмі көрсетілді

2018 жылдың 22 қарашасында №9 студенттер үйінде «Обманутая женщина» (шынайы болған оқиға желісімен түсірілген) фильмі көрсетіліп, студенттермен талқыланды. Бұл фильм қарапайым адамдардың радикалды діннің ықпалына түскенде не болатындығын және олардың одан кейінгі тағдыры шынайы көрсетілген. Тәрбиелік мәні бар бұл фильм, деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен адамдарды не күтіп тұрғанын ескертіп, алдын алуға шақырады және жастардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. 

Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Байтенова Н.Ж., дінтану мамандығының 2 курс магистранты Исаков Б.А.

Басылым күні :  25.11.2018