Магистранттар алдында ғылыми зерттеу жұмысы талқыланды

2018 жылдың 26 қазан күні «Мәдениеттану» мамандығының 2-курс PhD докторанты Әбікенов Жарқынбек «Мәдениеттану»  мамандығының 1-курс магистранттары алдында өзінің ғылыми зерттеу тақырыбы «Сыр өңірінің мәдени құндылықтарын семиотикалық талдау» бойынша ғылыми зерттеу жұмысына талқылау жүргізді.

Семинар барысында диссертациялық зерттеу жұмыстарын жазуға дайындық, диссертациялық жұмыстың өзектілігі мен зерттелу деңгейі, жұмыстың жазу стилі, заңнамалық тұжырымдамасы, диссертациялық жұмыстың жазу әдіснамасы мен әдістемесі, және де магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптардың мәселелері терең талқыланды. Сондай-ақ, барлық көтерілген мәселелерге қатысты толық түсініктемелер берілді.

Өз кезегінде магистранттар ғылыми зерттеу жұмыстарына қажетті ақпараттарды алып, соңында өздерінің зерттеу жұмыстары тақырыбына қатысты пікір алмасты.

Басылым күні :  20.11.2018