Магистранттар алдында ғылыми зерттеу жұмысын талқылады

2018 жылдың 26 қазан күні мәдениеттану мамандығының 2-курс докторанты Абдулина Наргиз мәдениеттану мамандығының 1-курс магистранттары алдында өзінің ғылыми зерттеу тақырыбы «Жаһандану жағдайындағы қазақ мәдениеті құндылықтарының трансформациялану мәселесі» бойынша ғылыми зерттеу жұмысын талқылау жүргізді.

Аталмыш семинар магистрлік және диссертациялық жұмыстардың заманауи талаптарға сай келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ, өзекті тақырыптарға арқау болатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазуға жол ашу мақсатын тұтты.

Семинар барысында диссертациялық зерттеу жұмыстарын жазуға дайындық, диссертациялық жұмыстың өзектілігі мен зерттелу деңгейі, жұмыстың жазу стилі, заңнамалық тұжырымдамасы, диссертациялық жұмыстың жазу әдіснамасы мен әдістемесі, және де магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптардың мәселелері терең талқыланды. Сондай-ақ, барлық көтерілген мәселелерге қатысты толық түсініктемелер берілді.

Магистранттарды оқыту бағдарламаларында ғылыми-зерттеу және жалпы білім беру дайындығы қамтылған. Ал бүгінде ғылыми-зерттеу жұмысы міндеттерге сай шешімдердің заманауи әдістерін қолдану арқылы алдағы уақыттағы ғылыми, оқытушылық және жетекшілік жұмыстармен айналысатын мамандарды дайындауға бағытталып отыр.

Өз кезегінде магистранттар ғылыми зерттеу жұмыстарына қажетті ақпараттарды алып, соңында өздерінің зерттеу жұмыстары тақырыбына қатысты пікір алмасты.

 

 

Басылым күні :  20.11.2018