«Айналанды нұрландыр» жобасы аясында

2018 жылы 28 сәуірде Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры А.К.Жолдабаева арнайы мамандар С. Оразбак пен Б.Архабаевпен біріге отырып, № 9 жатақханада студенттермен «Төтенше жағдайлардағы мінез-құлық ережелері» тақырыбында сұхбат жүргізді.

Сұхбаттың басты мақсаты студенттерге қауіпті жағдайларда нақты әрекеттер туралы хабарлау, өмір қауіпсіздігін білуді арттыру, табиғи апаттар жағдайында қауіпсіз мінез-құлық пен іс-әрекеттер дағдыларын жетілдіру болды.

Басылым күні :  01.05.2018