«Тәні саудың – жаны сау» жобасы аясында

«Тәні саудың – жаны сау» жобасы аясында ҚазҰУ Дінтану мамандығының 4 курс студенттері Алпысбай М., Жумагалиев Е., Ислям Е., Тохтарова А., Төлеуов Ә. бірге волейболдан жоғары сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс өткізді. Жарыс барысында оқушылар өздерінің жылдамдықтарын, ұшқырлығын, ерік жігерлерін ортаға сала білді. Жарыс кезінде 10 «Ә» сынып оқушылары көптеген тактикалық стратегияларды өзгертіп, финалға жетті. Финалда оқушылар арасында қызу тартысты өтті. Соңғы секундтарда 9 «А» сынып оқушылары жеңісті өз қоржынына жұлып алған болатын. Келешекте оқушылар осындай іс – шараларды әрі қарай да ұйымдастыратынын бізге айтты. Іс – шараға қатысушы адамдар саны – 25.

Басылым күні :  24.02.2018