«Айналанды нұрландыр» жобасы аясында

Педагогикалық практика аясында, Дінтану мамандығының 4 курс студенттері Алпысбай М., Жумагалиев Е., Ислям Е., Тохтарова А., Төлеуов Ә «Айналаңды нұрландыр» атты жобасы аясында «Медеу Пұсырманұлы – тарихи тұлға» атты іс – шара өткізді. Іс – шара барысында студенттер Медеу Пұсырманұлы жайында мұрағаттардан, ұлттық кітапханадан, интернет желісінен көптеген материалдар іздестірді. Осы уақытқа шейін көптеген материалдарын ортаға салып, өнерлерін паш етті. Медеу Пұсырманұлының адамгершілік тұстарын, этикалық құндылықтарын айтуға тырысты. Іс – шараға қатысқан адамдар саны – 35.

Басылым күні :  24.02.2018