«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

07.11.2017 ж сағат 12:00 де 3 курс дінтану мамандығының студенттері, куратор-эдвайзерлері Ж.У. Қаңтарбаевамен бірге №1 Қарттар үйіне қарттарға әлеуметтік және рухани қолдау көрсету мақсатымен барды. Қарттар үйінде студенттер қолдауға мұқтаж болған ҚР еңбегі сіңген геолог Светлана Алексеевна Кулищевамен танысып, өз көмектерін көрсетті. Өз кезегінде студенттер де құр алақан қайтпады. Кулищева С. А. студенттерге өз кітап қорынан бірнеше туындылар сыйлап, маңызды кеңес-бағдарларын айтып, ризашылығын білдірді. 

 

Басылым күні :  09.01.2018