«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

Қыркүйек айының 22 жұлдызында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Дихан орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2-4 сыныптар арасында «Достық» тақырыбында тренингтік ойындар өткізілді. Тренингтік жұмысқа бастауыш сыныптар белсенді, қатысып достыққа және дос бола білу өнеріне байланысты өз пікірлерімен бөлісті. Білім алушыларға тренинг жүргізу барысында достыққа байланысты позитивті көңіл - күймен, белсенді қарым - қатынастың орнағаны біршама байқалды. Тренинг кезінде білім алушылар достыққа қатысты мақал - мәтелдердің мағынасын талдай отырып, іс – шараның соңында бір – біріне жылы лебіздерін білдірді.

Өткізілген орны: «Дихан орталау мектебі» КММ

Уақыты: 15.00

Қатысушылар: 2-4 сыныптарының білім алушылары

Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Жанат Досхожина, «Әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану» мамандығының 1 курс магистранты Жирен Балауса 

Басылым күні :  29.12.2017