«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

Қазан айының 15 жұлдызында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Дихан орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-9 сынып оқушыларының ата-аналары және сынып жетекшілермен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді. Жиналысқа 32 ата-ана қатысты. Мақсаты: балаларға қатысты тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын-алу, балаға қатысты туындаған мәселені шешудің тиімді жолдарын табу, ересектер мен балалар арасындағы мейірімді қарым-қатынас құру жолдарын көрсету. «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында слайд шоу көрсетіліп, «Баланы жәбірлеудің қасіреті» тақырыбында баяндама оқылды. Баяндама барысында оқушылардың мінез – құлқына әсер ететін негізгі факторлар мен кедергілер жайлы баяндалынып,  ата – аналарға бірқатар маңызды психологиялық кеңестер жүргізілді.

Өткізілген орны: «Дихан орталау мектебі» КММ

Уақыты: 14.00

Қатысушылар: 32 ата-ана

Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Жанат Досхожина, «Әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану» мамандығының 1 курс магистранты Жирен Балауса 

Басылым күні :  27.12.2017