«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

Қыркүйек айының 20 жұлдызында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Дихан орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қабілетті балаларды ынталандыру мақсатында «Инновацияға негізделген – инфрақұрылымдар!» тақырыбында «Дарын» клубы ұйымдастырылды. Аталмыш іс – шара  балалардың қабілеті мен  танымдық деңгейін мотивтендіруге арналған.

Өткізілген орны: «Дихан орталау мектебі» КММ

Уақыты: 15.00

Қатысушылар: 5-9 сыныптарының білім алушылары

Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Жанат Досхожина, «Әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану» мамандығының 1 курс магистранты Жирен Балауса 

Басылым күні :  27.12.2017