«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

8 желтоқсанда Философия және саясаттану факультетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығының 1 курс магистранттарына «Рухани жаңғыру - болашақтың кепілі!» деген тақырыпта ашық сабақ өтті. Отырыс барысында студенттер тақырыпты қызу талқылап, әр-түрлі тренингтік жаттығуларға белсенді қатысты. Рухани жаңғыру аясында магистранттар өздерінің пікірлері мен ойларымен бөлісті. Іс - шара барысында рухани жаңғырудың негізгі мәселелері мен басты даму кезеңдерін атап өтті. Магистранттар өздерінің бірқатар ұтымды ұсыныстары мен ойларын нақты айта білді.

Өткізілетін орны: А. Байтұрсынов атындағы саябақ
Уақыты: 13.00
Қатысушылар: «Əлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс магистранттары

Ұйымдастырушы: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Досхожина Жанат

Басылым күні :  27.12.2017