«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

14 желтоқсанда Философия және саясаттану факультетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану» мамандығының 1 курс магистранттарына «Күлкі өмірді ұзартады» деген тақырыпта ашық сабақ өтті. Отырыс барысында студенттер тақырыпты қызу талқылап, әр-түрлі тренингтік жаттығуларға белсенді қатысты. Аталмыш іс-шара аясында қызықты «бейнежазбалар» ұсынылып, магистранттар өз ойларымен бөлісті, тіпті бастарынан өткен қызықты оқиғаларды да баяндап берді.

Өткізілетін орны: А. Байтұрсынов атындағы саябақ
Уақыты: 13.00
Қатысушылар: «Əлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс магистранттары
Ұйымдастырушы: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Жанат Досхожина 

Басылым күні :  27.12.2017