«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

5 желтоқсан күні «Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау» пәні аясында «Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу картасы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында магистірлік диссертацияларды жазудың негізгі ұстанымдары талқыланып, талданды. Сонымен қатар магистранттардың жеке зерттеу карталары көрсетілді.

Өткізілу орны: Аудитория 118, Халықаралық қатынастар факультеті

Уақыты: 14:00      

Қатысушылар: «Саясаттану» және «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 1 курс магистранттары

Ұйымдастырушы: Жанат Досхожина, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы

Басылым күні :  20.12.2017