«Салауатты дене мәдениеті» жобасы аясында

Н2О жүзу клубында 2 желтоқсан күні философия және саясаттану факультетінің студенттеріне жүзіп үйрену бағдарламасы өткізілді. Жүзу бағдарламасы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, кәсіби жаттықтырушы «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1-курс магистранты Олег Работа басшылығымен өтті. Тренинг барысында студенттер арқамен жүзу барысында және жүзу техникасы бойынша әр түрлі тыныс алу әдістерін игерді. Тренинг өте қызықты және өнімді өтті!

Өткен орны: H2O жүзу клубы, Абай даңғылы 159

Уақыты: 10:00

Қатысушылар: Философия және саясаттану факультетінің студенттері

Ұйымдастырушы: Жанат Досхожина, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы 


Басылым күні :  20.12.2017