«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Толеранттылық дегеніміз не?» тақырыбында пікірлесу өтті

2017 жылдың 14 қарашасында С.Сейфуллин атындағы № 74 орта мектепте «Қыз Жібек» клубының мүшелерінің арасында «Толеранттылық дегеніміз не?» атты пікірлесу өтті өткізілді.

Өткізілген орны: С.Сейфуллин атындағы № 74 орта мектеп, Ақан сері көшесі, 150  

Күні және уақыты: сағ. 8:00, 14.11.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Курманалиева А.Д., кафедра оқытушылары профессор Рысбекова Ш.С., профессор Борбасова Қ.М., аға оқытушы Альджанова Н.К., 2 курс докторанты Болысбаева А.К.

Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға толеранттылық туралы теориялық білім беру, толеранттылықтың қазіргі қоғамдағы маңыздылығын түсіндіру, бейбіт өмір сүру үшін толерантты болудың қажеттілігін жеткізу.

Іс-шараға С.Сейфуллин атындағы № 74 мектептің «Қыз Жібек» клубы мүшелері қатысты. Шара барысында оқушыларға «Толеранттылық дегеніміз не?» деген тақырыпта видеоролик көрсетілді. Кейін оқушылармен толерантты болу қаншалықты қажет, толерантты адам қандай болу керек деген мәселелер бойынша пікірталас өткізілді. Шара барысында балалар толерантты болу өте маңызды құндылық екендігімен бөлісе отырып, адамның жасына, жынысына, ұлтына немесе діни көзқарастарына қарамастан оған сыпайылық таныту қажеттілігінің қазіргі таңда 130-дан астам ұлт өкілдеріне Отаны болып табылатын Қазақстан үшін маңызы екендігіне баса назар аударылды. Пікірлесу барысында Қазақстан жерінде жүздеген ұлттардың өмір сүруіне байланысты олардың 18 діни конфессия бар екендігі де сөз етілді. Оқушылар әрбір адамның толерантты болуы тиіс деген қорытындыға келді. 

Басылым күні :  08.12.2017