«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясындағы №141 ЖББМ оқушыларымен және №141 және №13 ЖББМ-нің инспекторлары Өмішева Қуаныш және Қадырмұратова Дианараның қатысуымен «Террористер мен экстремистер жасөспірімдер мен жастарды қылмыстық мақсатта қалай пайдалана алады?» атты тақырыпта мектепте шара өтті.

2017 жылдың 28 қараша күні №141 жалпы білім беретін мектепте «Террористер мен экстремистер жасөспірімдер мен жастарды қылмыстық мақсатта қалай пайдалана алады?» атты тақырыпта «Қыз Жібек» клубының мүшелерінің қатысуымен шара өткізілді.

Өткізілген орны: №141 жалпы білім беретін мектеп, Жетісу-2 ықшам ауданы, 8б.

Күні және уақыты: сағ. 12:00, 28.11.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары профессор Құрманалиева А.Д., профессор Борбасова Қ.М., профессор Рыспекова Ш.С., Доктор PhD Альджанова Н.Қ., 2 курс докторанты Садибеков Е.Ө.

 Шараның мақсаты: Іс-шараға 8, 9, 10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылармен кездесу барысында террористердің негізгі мақсаттары, терракт болған жағдайда не істеу керек, әлеуметтік желідегі экстремистік бағыттағы пабликтерді айқындауды үйрететін мәселелер қозғалды. Сонымен қатар, қәзіргі деструктивті ағымдар жайлы ақпарат беру. 

Басылым күні :  06.12.2017