Алматы қаласы Дiн iстерi жөнiндегi басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасы аясында

2017 жылдың 11 қарашада №108 жалпы білім беретін мектепте ата-аналармен «Отбасылық рухани-мәдени құндылықтар және олардың бала үшін маңызы» атты тақырыпта кездесу ұйымдастырылады.

Өткен орны: №108 жалпы білім беретін мектеп, Ақпаев к-ші, 59

Күні және уақыты: сағ. 11:00, 11.11.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары профессор Байтенова Н.Ж., профессор Борбасова Қ.М., 2 курс докторанттары Тоқтарбекова Л.Н., Досмағанбетова А.А.

Жауапты: педагогикалық практика жетекшісі кафедра профессоры Борбасова Қ.М. 

Іс-шараның мақсаты: Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан ұлттық-мәдени құндылықтар – отбасы тәрбиесінің қайнар көзі екендігін ұғындыру, бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.

Ата-аналармен кездесуге әл-Фараби ат. ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы, философия ғылымдарының докторы, профессор Рыспекова Шамшия Сайдғалиқызы және Алматы қаласының имамы Жүзей Мырзахмет арнайы шақырылды.

Кездесу барысында отбасылық құндылықтар, ұлттық тәрбие және діни тәрбие мәселелері төңірегінде әңгіме өрбіді. Профессор Айнұр Дүрбелеңқызы дәстүрлі емес діндердің қоғамға, оның ішінде өскелең ұрпаққа зияны туралы баяндама жасады. Ал имам Мырзахмет Жүзей отбасындағы сыйластық пен бала тәрбиесіне кеңірек тоқталып өтті.

Жалпы ата-аналармен кездесу сұрақ-жауап тұрғысында өрбіді. Ата-аналар дінтанушы мамандарға сұрақтар қойып, өздерінің тарапынан ұсыныстар да жасады.

Басылым күні :  03.12.2017