Алматы қаласы Дiн iстерi жөнiндегi басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасы аясында

2017 жылдың 7 қарашада №110 мектеп-гимназияда «Бір шаңырақ астында» атты Халықаралық төзімділік күніне байланысты іс-шара өткізіледі.

Өткен орны: №110 мектеп-гимназия, Айнабұлақ-3 ықшам ауданы, 166а

Күні және уақыты: сағ. 12:00, 07.11.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессорлары Байтенова Н.Ж., Борбасова Қ.М., Рысбекова Ш.С., Құрманалиева А.Д. және  2 курс докторанттары Тоқтарбекова Л.Н., Досмағанбетова А.А.

Жауапты: педагогикалық практика жетекшісі кафедра профессоры Борбасова Қ.М. 

Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды адамдық болмыстың ең қажетті принциптері ретінде «толеранттық» сөзінің мағынасын ұғынуға, оқушылар арасында бірін-бірі құрметтеуді дамытуға жағдай жасау.

Іс-шараға «Қыз Жібек» клубының мүшелері 11-сынып оқушы қыздары жұмылдырылды. Оқушылар арасында «Қағаз ұшақ», «Төзімділік гүлі» және «Түрлі-түсті алақан» атты ойындары ойнатылды. Ойынның мақсаты – әр адамның ойы мен оның мінезіне, өмір салтына шыдамшылықпен, төзімділікпен қарап, бір істі бірігіп, бірлесе істеу арқылы жүзеге асыру.

Басылым күні :  03.12.2017