«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында тәрбие сағаты өтті

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында тәрбие сағаты өтті

2017 жылдың 14 қараша айындаӘл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, философия және саясаттану факультетінің, дінтану және мәдениеттану кафедрасының, дінтану мамандығының 1 курс студенттерімен«Тәңіршілдік» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Өткізілген орны: ҚазҰУ, ХҚФ, 344-аудитория.

Күні және уақыты: сағ. 16:00, 14.11.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары профессор Байтенова Н.Ж., аға оқытушы Мұқан Н., 2 курс магистранты Сақбаева А.Қ.

Іс-шараның мақсаты:

Іс-шараға 21 студент қатысты. Бұл ашық сабақтың мақсаты дінтанушы мамандарға тәңіршіліктің қалыптасуы мен оның ғылыми-теориялық негіздерін талдауға үйрету. Тақырып бойынша жан-жақты білім қалыптастыру. Тәңіршілдіктің қалыптасуымен, тарихымен, таралған жерімен таныстыру. Және де студенттер түсінбеген тұстарын толықтай ақпарат жеткізу. Жалпы іс-шара өте көңілді әрі мағыналы өтті. Студенттер сабақ барысында өздерін белсенді ұстады. Барлық сұрақтарға толықтай жауап беріп отырды.

Басылым күні :  02.12.2017