«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында “Ислам діні” тақырыбында тәрбие сағаты өтті

2017 жылдың қараша айының 3 жұлдызында Химия және химиялық технология факультетінің үлкен залында дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға-оқытушы Мұқан Нұрзат және ХИ-203 тобының ұйымдастаруымен “Айналанды нұрландыр” жобасы аясында “Ислам діні” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақ барысында ислам дінінің тарихы мен маңыздылығына тоқтала кетіп, сонымен қатар қазіргі таңда ислам дінінің өзекті мәселелері туралы сөз қозғалды. Келген көрермен студенттермен викториналар ойнатылды. Ашық сабақтың нәтижесінде студенттер ислам дінінің маңыздылығын түсінді.

Басылым күні :  02.12.2017