«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясындағы «Ақылды және білімді қыздар - болашақ қыз-келіншектер мен үлгілі аналар» атты тақырыпта мекеп оқушыларымен шара өтті

2017 жылдың 15 қараша күні №141 жалпы білім беретін мектепте «Ақылды және білімді қыздар - болашақ қыз-келіншектер мен үлгілі аналар» атты тақырыпта «Қыз Жібек» клубының мүшелерінің қатысуымен шара өткізілді.

Өткізілген орны: №141 жалпы білім беретін мектеп, Жетісу-2 ықшам ауданы, 8б.

Күні және уақыты: сағ. 12:30, 15.11.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары профессор Құрманалиева А.Д., профессор Борбасова Қ.М., профессор Рыспекова Ш.С., Доктор PhD Альджанова Н.Қ., 2 курс докторанты Садибеков Е.Ө.

 Шараның мақсаты: Іс-шараға 8 «а» және «ә» сынып оқушылары қатысты. Оқушылармен кездесу барысында қазіргі қоғамдағы қыздың рөлі және орнын, оның тәрбиесінің маңыздылығын, тәрбие алу барысындағы білімнің маңызы секілді тақырыптарды айту. Қыздарды қәзіргі қалыптасқан мәдениеттің ерекшеліктерімен таныстыру. Сонымен қатар, қәзіргі деструктивті ағымдар жайлы ақпарат бере отыра, діндердегі мәдениеттің және тәрбиенің рөлін сөз қылу.

Басылым күні :  21.11.2017