«Айналанды нұрландыр» жобасы аясында

2017 жылдың 15 қарашасында № 9 жатақхананың залында «Пікір-таласта шындық туады» тақырыбында интеллектуалды брейн-ринг өткізілді.

Ұйымдастырушы - философия ғылымдарының докторы, философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры А.Қ. Жолдубаева.

Іс-шара достықты нығайту, интеллектуалдық даму саласындағы тәжірибемен алмасу, белсенді өмір салтын насихаттау және университет студенттері арасында мәдени-ағартушылық пен тәрбие жұмысын ұйымдастыру мақсатында өткізілді.

Басылым күні :  18.11.2017