Алматы қаласы Дiн iстерi жөнiндегi басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасы аясында

2017 жылдың 21 қазанында №101 ұйғыр мектеп-гимназиясында «Қазақ халқының ұлттық мәдениетін сақтау қажеттілігі» атты тақырыпта Аюпова Турсунай Юнусқызымен кездесу болып өтті.

Өтетін орны: №101 мектеп-гимназия, Құлагер ықшамауданы, 52

Күні және уақыты: сағ. 11:00, 21.10.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессорлары Байтенова Н.Ж., Борбасова Қ.М., Рысбекова Ш.С., Құрманалиева А.Д. және  2 курс докторанттары Тоқтарбекова Л.Н., Досмағанбетова А.А.

Жауапты: педагогикалық практика жетекшісі кафедра профессоры Борбасова Қ.М.

Іс-шараның мақсаты: қыздарға ұлттық және отбасылық құндылықтар туралы ақпарат беру, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу және т.б.

Іс-шара барысында кездесу қонағы Турсунай Юнусқызы қыз тәрбиесі мен ерекшеліктері туралы сөз қозғады. Қыздар өлеңдер мен мақал-мәтелдер оқып, олардың мән-мағынасын талқылады. Қонаққа сұрақтар қойылды. Ұлттық мәдениетке байланысты әркім өз ойларымен бөлісті.

Басылым күні :  16.11.2017