Алматы қаласы Дiн iстерi жөнiндегi басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасы аясында

2017 жылдың 13 қазанында №118 мектеп-гимназияда «Тәртіп пен қырағылық – олардың өзара байланысы қандай?» атты тақырыпта құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу болып өтті.

Өтетін орны: №118 мектеп-гимназия, Айнабұлақ-2 ықшам ауданы, 65а

Күні және уақыты: сағ. 10:00, 13.10.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессорлары Байтенова Н.Ж., Борбасова Қ.М., Рысбекова Ш.С., Құрманалиева А.Д. және  2 курс докторанттары Тоқтарбекова Л.Н., Досмағанбетова А.А.

Жауапты: педагогикалық практика жетекшісі кафедра профессоры Борбасова Қ.М. 

Іс-шараның мақсаты: оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, олардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру, жасөспірімдер арасындағы тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтармен күресу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату

Кездесуге Жетісу аудандық Ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі полиция бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Асылова Айнұр Аманжолқызы шақырылды. Іс-шараға 11 сынып оқушылары қатысты. Полиция майоры өз сөзінде оқушыларға қоғамдық, көпшілік жерлерде өздерін дұрыс ұстау, мектеп пен оның аймағында тəртіпті сақтау жауапкершілігінің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Жетісу ауданы бойынша жасөспірімдердің қатысуымен жасалған қылмыстар жайлы кеңірек айтып өтті. Кездесу сұрақ-жауап негізінде өтті. Оқушылар өздерін толғантып жүрген сұрақтарына толыққанды жауап алды. Осындай кездесулер мен сұқбаттардың өткізілуі өз нәтижесіне қол жеткізетіні сөзсіз.

Басылым күні :  16.11.2017