«Айналанды нұрландыр» жобасы аясында семинар

2017 жылдың 14 қазанында №187 жалпы орта білім беретін мектепте оқушылар арасында «Терроризм мен эктремизм профилактикасы» атты тақырыпта семинар өткізілді.

Өткізілген орны: №187 жалпы орта білім беретін мектеп, Жандосов көшесі №2.

Күні және уақыты: сағ. 10:00, 14.10.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасы профессорлары  А.Д. Құрманалиева, Қ.М. Борбасова, Ш.С. Рысбекова, №187 жалпы орта білім беретін мектеп, дін басқармасының өкілі Жұбанышов А., 2 курс магистранты Ниязов Н.А., құқық қорғау органдарының өкілдері.

Іс-шараның мақсаты: Қазіргі таңдағы экстремизм мен терроризмге байланыстыоқушылармен профилактикалық семинар өткізу. 

Іс-шараға 9, 10, 11 сынып оқушылары  қатысты. Семинарды дін басқармасының өкілі Жұбанышов А. өткізді. Семинар барысында терроризм мен экстремизмнің кауіп қатері, оның себептері, қарсы тұру жолдары, оның салдары айтылып өтілді. Негізгі ұғымдар түсіндіріліп, қандай іс-шаралар болып жатқандығы түсіндірілді. Терроризм мен экстремизмнің себептері мен салдары оқушыларға тиянақты түсіндірілді. Оған қалай қарсы тұру жолдары көрсетілді. Әрбір оқушы тақырыпқа байланысты жан-жақты ақпарат алыпқана қоймай, қажетті қорытындылар алды.

Оқушылар бұл іс-шараға белсенді қатысып, өз пікірлерін ашық, айқын жеткізуге тырысты.

Жалпы іс-шара өте көңілді әрі мағыналы өтті. 

Басылым күні :  14.11.2017