«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті

2017 жылдың 11 қарашасында С.Сейфуллин атындағы № 74 орта мектепте «Қыз Жібек» клубының мүшелерінің ата-аналары арасында пікірлесу өткізілді.

Өткізілген орны: С.Сейфуллин атындағы № 74 орта мектеп, Ақан сері көшесі, 150  

Күні және уақыты: сағ. 13:00, 11.11.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Курманалиева А.Д., кафедра оқытушылары профессор Рысбекова Ш.С., профессор Борбасова Қ.М., аға оқытушы Альджанова Н.К., 2 курс докторанты Болысбаева А.К.

 

Іс-шараның мақсаты: ата-аналарға түрлі деструктивті ағымдардың қаупі туралы және балаларын олардан қалай қорғауға болатындығын, сонымен бірге деструктивті ағымдардың жетегінде кеткен балаларды қалай анықтауға және оларды қалайша нормалды өмірге қайтару мүмкіндіктерін түсіндіру.

Іс-шараға С.Сейфуллин атындағы № 74 мектептің «Қыз Жібек» клубы мүшелерінің ата-аналары қатысты. Ата-аналар жиналысында филос.ғ.д., дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Курманалиева А.Д. және филос.ғ.д., профессор Рысбекова Ш.С. қазіргі күні деструктивті ағымдардың заман талабынан қалыс қалмай, интернет арқылы спамдар жіберіп, 25 кадр сынды жаңа психологиялық әдістерді пайдалана отырып, жастардың мұң-мұқтаждарын, қажеттіліктерін ескеріп, оларға материалдық көмек, моральдық қолдау көрсетіп, еліміздің болашағы саналатын жастарды өздерінің арбауына алатындығын ескертті. Сол себепті профессорлардың пікірінше, жастардың бойында адамгершілік, тәрбиелелік, ұлтжандылық сынды қасиеттерді қалыптастыратын қазақ халқының сан ғасырлық даналығын паш ететін еңбектерді оқу мәдениетіне дағдыландыру керек, ата-ана тарапынан балаларына ынта қойып, оларға жүрек жылуын сыйлап, моральдық қолдау көрсету қажет. Ата-аналар тарапынан оқытушылардың сөздері жылы қабылданып, қолдау тапты. 

Басылым күні :  13.11.2017