«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында пікірталас өтті

2017 жылдың 6 қазанында Мағжан Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектепте «Қыз Жібек» клубының мүшелері арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу мүмкіндіктері жайында пікірталас ұйымдастырылды.

Өткен орны: Мағжан Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектеп, Айнабұлақ-2 ықшам ауданы, 65а

Күні және уақыты: сағ. 11:00, 06.10.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессорлары Байтенова Н.Ж., Борбасова Қ.М., Рысбекова Ш.С., Құрманалиева А.Д. және  2 курс докторанттары Тоқтарбекова Л.Н., Досмағанбетова А.А.

Жауапты: педагогикалық практиканың жетекшісі кафедра профессоры Борбасова Қ.М. 

Іс-шараның мақсаты: Діндер қызметтерінің негіздерін ашып көрсете отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, оларға экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру

Пікірталасқа 8-9 сынып оқушылары жұмылдырылды. Іс-шара «Дін мен дәстүр» және «Теріс ағымдар» атты бірнеше бейнероликтер көрсетуден басталды. Бейнероликтерді тамашалағаннан кейін әрбір оқушы роликтегі іс-әрекеттерге байланысты өз ойларымен бөлісті. Оқушыларға «Діни экстремизм», «терроризм» және «теріс ағымдар» туралы толық мәлімет берілді.  

Басылым күні :  13.11.2017