«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында тренинг-сабағы өткізілді
2017 жылдың 10 қазанында №110 мектеп-гимназияда «Қыз Жібек» клубының мүшелерінің қатысуымен психологпен бірге «Алға қадам» атты тренинг-сабағы өтті.
Өткен орны: №110 мектеп-гимназия, Айнабұлақ-3 ықшам ауданы, 166а
Күні және уақыты: сағ. 11:00, 10.10.2017 ж.
Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессорлары Байтенова Н.Ж., Борбасова Қ.М., Рысбекова Ш.С., Құрманалиева А.Д. және 2 курс докторанттары Тоқтарбекова Л.Н., Досмағанбетова А.А.
Жауапты: педагогикалық практиканың жетекшісі кафедра профессоры Борбасова Қ.М.
Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға үйрету және коммуникативті өрісті дамыту
Тренинг-сабаққа 8-11 сынып қыздары қатысты. Тренинг барысында оқушыларға Қазақстандағы діни ахуал, діни конфессиялар жайлы ақпараттық-тәрбиелік баяндама жасалынып, бірнеше бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар арасында талқыланды.
Одан әрі тренинг-сабағымыз негізгі бөлімі жалғасты. Тренингтің негізгі идеясы – оқушы қыздар арасындағы қарым-қатынас пен сыйластықты орнату. Осы ретте қыздармен «Алға қадам», «Сөйлемді жалғастыр» деген психологиялық ойындар, онда әрбір қыз құрбысының асыл қасиеттерін тізбелеп айтуға тырысты, сонымен қатар өз бойындағы жақсы қасиеттермен де бөлісті. Тренинг-сабақ өте қызықты өтті.







