«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өтті

2017 жылдың 1 қарашасында № 49 және С.Сейфуллин атындағы № 74 мектептердің «Қыз Жібек» клубы мүшелерінің арасында Қазақстан ішкі істер министрлігінің М. Есболатов атындағы Алматы Академиясына «Терроризмнің мәні» атты лекция-экскурсия өтті.

Өткізілген орны: ҚР ішкі істер министрлігінің М. Есболатов атындағы Алматы Академиясы 

Күні және уақыты: сағ. 14:00, 1.11.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Курманалиева А.Д., кафедра оқытушылары профессор Рысбекова Ш.С., профессор Борбасова Қ.М., аға оқытушы Альджанова Н.К., 2 курс докторанты Болысбаева А.К.

Іс-шараның мақсаты: оқушыларға діни терроризм мен экстремизм туралы теориялық білім беру, лаңкестік әрекеттерге қарсы иммунитетті қалыптастыру

 

Іс-шараға № 49 және С.Сейфуллин атындағы № 74 мектептердің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында оқушыларды аталмыш оқу орнының тарихымен, құрылымымен таныстырып өтті. Экскурсия кезінде оқушыларға Ғ.Байтасовтың ерлігі туралы айтылып, терроризмнің қандай қайтарылмас қазаға алып келуі мүмкіндігі көрсетілді. Академияның акт залында оқушыларға PhD докторы Насырова Э.М. экстремизм мен терроризм туралы мәлімет бере отырып, жастардың қауіп тобына кіретіндіктерін айтып өтті. Сол себепті өскелең ұрпаққа өзін түрлі деструктивті ұйымдардан бойын аулақ ұстау қажеттілігін және лаңкестік әрекетке қарсы іс-шаралармен таныстырды. Дәріс барысында оқушылар заң саласында пайда болған сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды.

Жалпы іс-шара мағыналы және қызықты өтті. 

Басылым күні :  13.11.2017