«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында семинар-кездесу өтті
2017 жылдың 10 қарашасында Ұлттық кітапханада «Қыз Жібек» клубының мүшелері арасында «Қазақ халқының ұлттық мәдениетін сақтау қажеттілігі» тақырыбында Қазақстанның Еңбек Ері, Алтын жұлдыз орденінің иегері А.Т.Миразовамен кездесу-семинар ұйымдастырылады.
Өткізілген орны: Ұлттық кітапхананың конференц-залы
Күні және уақыты: сағ. 15:00, 10.11.2017 ж.
Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Курманалиева А.Д., кафедра оқытушылары профессор Рысбекова Ш.С., профессор Борбасова Қ.М., аға оқытушы Альджанова Н.К., 2 курс докторанттары Садибеков Е.О., Болысбаева А.К., Кулумжанов Н.Е., Юлдашев Т.У.
Іс-шараның мақсаты: жеткіншек ұрпаққа түркі өркениетінің, соның ішінде қазақ мәдениетінің әлемдік қауымдастықтағы орнын ұғындыру, дін мен дәстүрдің бірлестігін қарастыру және келешек буынды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Іс-шараға Алматы қаласы орта мектептерінің оқушылары мен ұстаздары қатысты. Семинар-кездесу барысында қоғам қайраткері Аягүл Төреқызы Миразова қазақ халқының даналыққа толы философиясы туралы ой тарқатты. Сонымен бірге оқушыларға тәрбиеліліктің, адамгершіліктің ең маңызды құндылық екендігін айта отырып, осы баға жетпес қасиеттерді қалыптастыру әрбір тұлғаның өзінің қолында екендігін жеткізді. Ұлы ұстаздың өнегелі өмірі оқушыларды қызықтырмай қоймады. Сондықтан оқушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, Аягүл Төреқызы өзінің өмірлік тәжірибесімен жастармен бөлісті.
Жалпы, іс-шара мағыналы әрі қызықты болып, оқушылардың зерделеріне ой туғызарлықтай өтті.







