«Айналанды нұрландыр» жобасы аясында семинар өткізілді

2017 жылдың 12 қазанында №45 жалпы білім беретін мектепте «Қыз Жібек» клубының мүшелері арасында «Терроризм мен эктремизм профилактикасы» атты тақырыпта семинар өткізілді.

Өткізілген орны: №45 жалпы білім беретін мектеп, Орбита.

Күні және уақыты: сағ. 9:00, 12.10.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: №45 жалпы білім беретін мектеп,философия және саясаттану факультетінің декан орынбасары, дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы, доцент Мейрбаев Б.Б, профессор А.Д. Құрманалиева, профессор Қ.М. Борбасова, професор Ш.С. Рысбекова, 2 курс магистранты Жорабек Ж.Г.

Іс-шараның мақсаты:  Қазіргі таңдағы экстремизм мен терроризмге байланысты  «Қыз Жібек» клубының мүшелерімен профилактикалық семинар өткізу.  

Іс-шараға 9, 10, 11 сынып оқушылары  қатысты. Семинар барысында терроризм мен экстремизмнің кауіп қатері, оның себептері, қарсы тұру жолдары, оның салдары айтылып өтілді. Негізгі ұғымдар түсіндіріліп, қандай іс-шаралар болып жатқандығы түсіндірілді. Терроризм мен экстремизмнің себептері мен салдары оқушыларға тиянақты түсіндірілді. Оған қалай қарсы тұру жолдары көрсетілді. Әрбір оқушы тақырыпқа байланысты жан-жақты ақпарат алып қана қоймай, қажетті қорытындылар алды.

Оқушылар бұл іс-шараға белсенді қатысып, өз пікірлерін ашық, айқын жеткізуге тырысты.

Жалпы іс-шара өте көңілді әрі мағыналы өтті. 

Басылым күні :  05.11.2017