«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында тәрбие сағаты өтті

2017 жылдың 19 қазаннында Ы.Алтынсарин атындағы  №159 гимназияда «Қыз Жібек» клубының мүшелері арасында «Ақылды және білімді қыздар - болашақ қыз-келіншектер мен үлгілі аналар» атты  тәрбие сағаты өткізілді.

Өткізілген орны: Ы.Алтынсарин атындағы  №159 гимназия,Қабанбай батыр,114

Күні және уақыты: сағ. 10:00, 19.10.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары профессор Құрманалиева А.Д., профессор Мейрбаев М.Б., профессор Борбасова Қ.М., профессор Рысбекова Ш.С., аға оқытушы Мұқан Н., 2 курс магистранты Избаева М.С.

Іс-шараның мақсаты:Қыздар қауымымен сырласа отырып, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, эстетикалық тәрбие беру, оларға салт – дәстүрді үйрету, олармен пікірлесе отырып, өздерін мазалап жүрген сұрақтары болса, соған жауап табу, еркін өз ойларын ашып айтуға баулу.

Басылым күні :  03.11.2017