«Айналанды нұрландыр» жобасы аясында тәрбие сағаты өтті

2017 жылдың 11қазанында№135 орта мектепте«Қыз Жібек» клубының мүшелері арасында «Тәртіп пен қырағылықтың  өзара байланысы қандай?»атты тәрбие сағаты өткізілді.

Өткізілген орны:№135 жалпы білім беретін   мектеп, Клочков көшесі,49

Күні және уақыты: сағ. 10:00, 11.10.2017 ж.

Ұйымдастырушылар::№135 жалпы білім беретін   мектеп, дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары профессор Құрманалиева А.Д., профессор Мейрбаев М.Б., профессор Борбасова Қ.М., профессор Рысбекова Ш.С., аға оқытушы Мұқан Н., 2 курс магистранты Избаева М.С.

Іс-шараның мақсаты:Өзгермелі әлем жағдайында бүгінгі күннің талабына орай мақсат, міндеттерді шешу үшін оларды іске асыратын болашақ ұрпақ қоғам дамуына сәйкес болуы қажет. Қоғамдағы өзгерістердің бағыт-бағдары мен талаптары сол қоғамда өмір сүріп отырған адамдарға да жаңа талап-тілектер мен құндылықтарды жүктеп отырары сөзсіз. Ал бүгінгі күннің қояр басты талабы - әрбір адамның өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі өзгерістерді ой елегінен өткізіп, жаңа жағдайға, өмірге қарай бейімделуі яғни өздерін қайта құруы, бойларындағы құндылықтарды қайта бағалап, байыта отырып, өмір сүре алуы болып отыр. Бұл- қажеттілік, өйткені өмір талабы осыны қажет етеді. 

Жалпы іс-шара өте көңілді әрі мағыналы өтті. 

Басылым күні :  03.11.2017