«Айналанды нұрландыр» жобасы аясында тәрбие сағаты өтті

2017 жылдың 14 қазанында Мандоки Конгур атындағы №154 жалпы білім беретін мектепте «Қыз Жібек» клубының мүшелері арасында «Тәрбиелі қыз – ертеңгі ибалы келін, ардақты ана» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Өткізілген орны: Мандоки Конгур атындағы №154 жалпы білім беретін мектеп, Қасым Шарипов көшесі, 38

Күні және уақыты: сағ. 10:00, 14.10.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: Мандоки Конгур атындағы №154 жалпы білім беретін мектеп, дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы профессорлар Борбасова Қ.М., Борбасова Қ.М., Құрманалиева А.Д., 2 курс магистранты Таласбаев Ш.А.

Іс-шараның мақсаты: қыз балаларды тәрбиелеуде үлкен мән, үлкен жауапкершілік бар екенін ұғындыра отырып, тән сұлулығының тамыры – тазалықта, тәртіпте екенін түсіндіру.  

Іс-шараға 9, 10, 11 сынып қыздары қатысты. Бұл пікірсайыстың басты тақырыбы қазіргі заманғы қыз бейнесі мен тәрбиесі болды. Жасөспірім қыздарға отбасындағы тәрбие, қыздардың қоғамда өзін-өзі ұстау мәдениеті мен қыз балаға тән қасиеттер жайлы кіріспе сөз оқылды. Одан кейін қыздар «Адамның асыл қасиеттері» мен «Имандылық қасиеттерін» жіктеп жазып беріп, оларды қалай түсінетінін және осы игі қасиеттердің қайсысы өз бойынан табылады деген сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, жасөспірім қыздар өздеріне ұнамайтын және де өзінде бар жаман қылықтар туралы да жазып, олардан арылудың жолдарын көрсетті. «Қызға 40 үйден тыйым» мәтелінің мағынасын түсіндіріліп, талдау жұмыстары өткізілді. 9, 10, 11 сынып қыздары бұл іс-шараға белсенді қатысып, өз пікірлерін ашық, айқын жеткізуге тырысты.

Жалпы іс-шара өте көңілді әрі мағыналы өтті. 

Басылым күні :  02.11.2017