«Айналанды нұрландыр» жобасы аясында семинар өткізілді
2017 жылдың 11 қазанында М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектепте «Қыз Жібек» клубының мүшелері арасында «Терроризм мен эктремизм профилактикасы» атты тақырыпта семинар өткізілді.
Өткізілген орны: М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп, Биянху көшесі, 87
Күні және уақыты: сағ. 9:00, 11.10.2017 ж.
Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессорлары профессор Борбасова Қ.М., Рысбекова Ш.С., Құрманалиева А.Д., М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп, Дін басқармасының өкілі Таджибаев С.Қ., 2 курс магистранты Таласбаев Ш.А., құқық қорғау органдарының өкілдері.
Іс-шараның мақсаты: Қазіргі таңдағы экстремизм мен терроризмге байланысты «Қыз Жібек» клубының мүшелерімен профилактикалық семинар өткізу.
Іс-шараға 9, 10, 11 сынып оқушылары қатысты. Семинарды дін басқармасының өкілі Таджибаев С.Қ. өткізді. Семинар барысында терроризм мен экстремизмнің кауіп қатері, оның себептері, қарсы тұру жолдары, оның салдары айтылып өтілді. Негізгі ұғымдар түсіндіріліп, қандай іс-шаралар болып жатқандығы түсіндірілді. Терроризм мен экстремизмнің себептері мен салдары оқушыларға тиянақты түсіндірілді. Оған қалай қарсы тұру жолдары көрсетілді. Әрбір оқушы тақырыпқа байланысты жан-жақты ақпарат алып қана қоймай, қажетті қорытындылар алды.
Оқушылар бұл іс-шараға белсенді қатысып, өз пікірлерін ашық, айқын жеткізуге тырысты.
Жалпы іс-шара өте көңілді әрі мағыналы өтті.







