«Айналанды нұрландыр» жобасы аясында дебат өткізілді

2017 жылдың 11 қазанында М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектепте «Қыз Жібек» клубының мүшелері арасында «Діни ақпараттар ғаламторда еркін болуы керекпа?» атты тақырыпта дебат өткізілді.

Өткізілген орны: М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп, Биянху көшесі, 87

Күні және уақыты: сағ. 12:00, 11.10.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы профессор Борбасова Қ.М., професор Ш.С. Рысбекова, профессор А.Д. Құрманалиева, 2 курс магистранты Таласбаев Ш.А., М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп.

Іс-шараның мақсаты:  Қазіргі таңдағы ғаламтордағы діни ақпараттардың қандай мақсатта қолданылып жатқандығын, қандай әсері бар екенін  «Қыз Жібек» клубының мүшелеріне көрсету.  

Іс-шараға 9, 10 сынып қыздары қатысты. Бұл пікірсайыстың басты тақырыбы қазіргі замандағы діни ақпараттардың ғаламтордағы еркін болуы, теріс және оң әсері болды. 2 топқа бөлінген екі тарап, берілген тақырыпқа байланысты дайындалып, сайысқа түсті. Дебатқа барлық оқушылар белсенді қатысты. Тақырыпты жан-жақты қарастырып, сайыс барысында өздерінің   ой-пікірлерін білдіріп, нақты заңнамаларға, фактілерге жүгіне отырып, өзіне берілген позицияларын қорғап шықты. Дебат өте тартысты өтті. Көрермендерде сайыс аяқталғаннан кейін өз ойларын айтып өтті. Әрбір көрермен, әрі қатысушы тақырыпқа байланысты жан-жақты ақпарат алып қана қоймай, қажетті қорытындылар алды.

«Қыз Жібек» клубының мүшелері бұл іс-шараға белсенді қатысып, өз пікірлерін ашық, айқын жеткізуге тырысты.

Жалпы іс-шара өте көңілді әрі мағыналы өтті. 

Басылым күні :  02.11.2017