«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында кездесу өтті

2017 жылдың 11 қазанында №49 орта мектепте «Қыз Жібек» клубының мүшелері арасында «Ақылды және тәрбиелі қыз – болашақ үлгілі келін мен ана» атты кездесу өткізілді.

Өткізілген орны: № 49 орта мектебі, Кассин, 51 

Күні және уақыты: сағ: 12:00  11.10.2017

Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Курманалиева А.Д., кафедра оқытушылары профессор Байтенова Н.Ж., профессор Рысбекова Ш.С., профессор Борбасова Қ.М., аға оқытушы Альджанова Н.К., 2 курс докторанты Болысбаева А.К.

 

Іс-шараның мақсаты: қыз балалардың бойында болашақ ана, келінге тән инабаттылық, тәрбиелілік, адамгершілік, жауапкершілік, кішіпейілділік сынды қасиеттерді қалыптастыру.

         Қазақ мемлекетттік қыздар педагогикалық университетінің әлеуметтік және гендерлік зерттеулер ҒЗИ директоры, философия ғылымдарының докторы, ҚР Президенті жанындағы әйелдер мен отбасы-демографиялық саясат ісі жөніндегі ұлттық комиссияның эксперттік кеңесінің мүшесі З.Қодармен кездесуге мектептің 8-9 сынып оқушы қыздары шақырылды. Кездесу барысында Замза Муташқызы тыңдармандарға қыз тәрбиесінің маңыздылығын айқындап, отбасы түрлеріне және жанұя құндылықтарына талдау жасады. Эксперт жеке тұлғаның үйлесімді дамып, толыққанды қалыптасуына ықпал ететін базистік әлеуметтік институт отбасыға жеке тоқталып, қыздарға отбасы түрлері туралы теориялық мағлұмат беріп, жанұя түрлеріне талдау жасауға ұсынды. Ол үшін қыздар топтарға бөлініп, отбасы түрлеріне арналған қысқаша импровизацияларын көрсетті.

         Жалпы, кездесудің болашақ аяулы жар, ардақты ана статусын иеленетін оқушы қыздар үшін берері мол болды. 

Басылым күні :  02.11.2017