«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті

2017 жылдың 26 қазанында Ұлтық кітапханада «Қыз Жібек» клубының мүшелері арасында «Ұлтық мәдениет және дін» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Өткізілген орны: Ұлттық кітапхананың конференц-залы  

Күні және уақыты: сағ. 15:00, 26.10.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Курманалиева А.Д., кафедра оқытушылары профессор Байтенова Н.Ж., профессор Рысбекова Ш.С., профессор Борбасова Қ.М., аға оқытушы Альджанова Н.К., 2 курс докторанттары Садибеков Е.О., Болысбаева А.К., Кулумжанов Н.Е., Юлдашев Т.У.

 

Іс-шараның мақсаты: жеткіншек ұрпаққа түркі өркениетінің, соның ішінде қазақ мәдениетінің әлемдік қауымдастықтағы орнын ұғындыру, дін мен дәстүрдің бірлестігін қарастыру және келешек буынды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Іс-шараға Алматы қаласы орта мектептерінің 9-11 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Дөңгелек үстел барысында қоғам қайраткерлері философия ғылымдарының докторы, профессор Булекбаев С.Б. тарих қойнауынан біршама дәлелдерді келтіре отырып түркі-қазақ мәдениетінің әлемдік өркениетке қосқан зор үлесі туралы сөз қозғаса, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Курманалиева А.Д. қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі дін мен дәстүрдің қарым-қатынасы жайында айта келіп, деструктивті діни ағымдармен кездескен тұста қалай іс-әрекет ету керектігі туралы нұсқау берді. Мектеп ұстаздары мен оқушылар профессорларға өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, толыққанды, жан-жақты жауап алды. Сонымен бірге дөңгелек үстелге қатысушылардың тарапынан осындай шараларды тұрақты түрде өткізуге ұсыныс тасталды.

Жалпы іс-шара мағыналы және қызықты өтті. 

Басылым күні :  02.11.2017