«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында тәрбие сағаты өтті

2017 жылдың 12 қазаннында №176 мектеп-гимназиясында «Қыз Жібек» клубының мүшелері арасында «Қазақстандағы экстремизм мен терроризм» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Өткізілген орны: №176 мектеп-гимназия, Мақатаева, 47, Қалқаман-3.

Күні және уақыты: сағ. 12:00, 19.10.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары профессор профессор Байтенова Н.Ж., Құрманалиева А.Д., профессор Борбасова Қ.М., 2 курс магистранты Сақбаева А.Қ.

Іс-шараның мақсаты: Қыздар қауымымен сырласа отырып, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, діни сауаттылықты арттыру, оларға дін туралы ақпарат беру, олармен пікірлесе отырып, өздерін мазалап жүрген сұрақтары болса, соған жауап табу, еркін өз ойларын ашып айтуға баулу. 

Іс-шараға 9,10 сынып қыздары қатысты. Бұл пікір сайыстың басты тақырыбы қазіргі заманда болып жатқан діни қақтығыстарды түсіндіру және де дінді басқа діннен ажырата білуді үйрету. Жасөспірім қыздарға қоғамдағы бөгде адамдармен сөйлескенде байқау болу керек екенін және олардың басқа дін өкілдерінен айыра білу. Одан кейін қыздар «Терроризм деген не?» және «Экстремизмді қалай түсінеді?» деген сұраққа жауап іздеп, оларды қалай түсінгендерін талқыға салу. Сонымен қатар, жасөспірім қыздар өздеріне ұнамайтын және де өзінде бар жаман қылықтар туралы да жазып, олардан арылудың жолдарын көрсетті. 9,10 сынып қыздары бұл іс-шараға белсенді қатысып, өз пікірлерін ашық, айқын жеткізуге тырысты.

Жалпы іс-шара өте көңілді әрі мағыналы өтті. 

Басылым күні :  26.10.2017