«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында семинар- тренинг өтті

2017 жылдың 09 қазан күні №141 жалпы білім беретін мектепте «Қыз Жібек» клубының мүшелерінің қатысуымен «Жастар экстремизмге қарсы» атты семинар-тренинг өтті.   

Өткізілген орны: №141 жалпы білім беретін мектеп, Жетісу-2 ықшам ауданы, 8б.

Күні және уақыты: сағ. 12:00, 09.10.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары профессор Құрманалиева А.Д., профессор Борбасова Қ.М., профессор Рыспекова Ш.С., Доктор PhD Альджанова Н.Қ., 2 курс докторанты Садибеков Е.Ө.

Іс-шараның мақсаты: оқушылар арасында экстремистік көзқарастардың алдын-алу, төзімділік дағдыларын дамыту.   

Іс-шараға 9, 10, 11 сынып қыздары қатысты. Бұл семинар тренингте оқушылар экстремизмнің жағымсыз тұстарымен танысты. Тренинг барысында психолог «Бейбітшіл Қазақстан» тақырыпта бейнеролик көрсетті, экстремизмнің психологиясын талқылады. Сонымен қатар, психолог тәрбиелі және ибалы қыздың бойындағы 5 қасиетті сипаттауын сұрады, қыздар өз пікірлерін қағаз бетіне түсіргеннен кейін, сол қасиеттің ішіндегі өздерінің бойындағы бар екі қасиетті белгілеуін сұрады. Ол қасиеттер қазіргі таңда сендердің бойларыңда қалыптасқан, қалған 3 қасиетті, қалыптастыру керексіңдер деп қорытындылады.  

Жалпы тренинг қызықты және мағыналы өтті. 

Басылым күні :  11.10.2017