«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында
«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында, 29.09.2017 ж. сағат 10:00-де, Шығыстану факультетінің 517-аудиториясында «Шет мемлекеттердің дін туралы заңнамасы» пәні аясында, «Дінтану» мамандығының 4-курс студенттері арасында мини дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында, студенттер АҚШ, Ресей, Солтүстік Корея, Туркия, Сауд Аравиясы және Жапония елдерінің дін туралы заңнамасының ерекшеліктері жөнінде айтты. Сонымен қатар, студенттер Қазақстан мен шет мемлекеттердің дін туралы заңнамасы арасында салыстырмалы талдау жасап, презентациялық слайд көрсетілді. Дөңгелек үстел соңында, студенттер дінтанушы-мамандар үшін мұндай пікір-таластар маңызды екендігіне назар аударды.
Ұйымдастырушы: дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Утебаева Д.С.






