«Қорқыт ата кітабының діни мазмұны» тақырыбында ашық семинар сағаты өткізілді.


25 сәуір күні сағат 12.00 де, 412 аудиторияда «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға-оқытушысы Мұқан Нұрзат және тарих, археология және этнология факультетінің «Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығының 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Қорқыт ата кітабының діни мазмұны» тақырыбында ашық семинар сағаты өткізілді. Сабақ барысында Қорқыт ата кітабындағы Қорқыттың нақыл сөздері мен кітаптаға 12 жырдың мазмұның және дінге қатысы жайлы жан-жақты түсіндірді.
Студенттер жырдағы әрбір оқиғаның терең мазмұның түсіндіріп қана қоймай жырдағы кезеңдегі мәдиниетке сипат берді.
Бүгінгі өткізілген ашық сабақ жоғары дәрежеде, мазмұнды түрде өткізілді.
Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Мұқан.Н және тарих, археология және этнология факультетінің «Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығының 2-курс студенттері






