Ш Уалихановтың «Қашқарияға сапары» еңбегіне ашық сабақ, «100 кітап» жобасы аясында !

20 сәуір күні аға оқытушы Мұқан Нұрзат жетекшілігімен 2 курс дінтану мамандығының студенттері «100 кітап» жобасы аясында Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың «Қашқарияға сапары» еңбегіне ашық сабақ өткіздік. Ашық сабақ барысында Ш.Уалихановтың өмір жолы, зерттеулері және шығармашылығымен танысып, бейнематериалдар, презентациялар тамашалап, оның «Қашқарияға сапары» еңбегін талқыладық. Сабақ соңында тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптар алынып, пікір алысулармен қорытындыланды.

Басылым күні :  28.04.2017