«Балалық шақты әлеуметтік қорғау» атты тақырыпта ашық кураторлық сағат .

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының мәдениеттану мамандығының 4-курс студенттеріне сәуір айының 24-ші жұлдызында «Балалық шақты әлеуметтік қорғау» атты тақырыпта ашық кураторлық сағат өткізілді. Өту барысында әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету мәселелері талқыланып, студенттер өзіндік ойларын ашық ортаға сала білді. Ашық кураторлық сағат ауқымды түрде өтіп, өзекті мәселелер қозғалды.

Жауапты: Филос.ғ.к., дінтану және мәдениеттану кафедрасының доцент қ.а. Бияздықова К.Ә.


Басылым күні :  28.04.2017