Адам болмысы және руханият болмысы

2017 жылдың наурыз айының 3-і күні философия,саясаттану және дінтану институтының директоры, философия ғылымдарының докторы Нұрмұратов Серік Есентайұлымен кездесу өтті. Кездесуге дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары мен дінтану мамандығының 2 курс студенттері қатысты. Кездесу барысында Серік Есентайұлы адам өміріндегі руханилықтың маңызын және қазіргі Жаһандану жағдайындағы түрлі оқиғалар мен ғылыми жаңалықтардың ашылуынан адамдардың хабардар болып отыруларын түсіндірді. Қазіргі ақпарат заманы мен Кеңес өкіметі кезіндегі кезеңдерді салыстырып, олардың негізгі айырмашылықтары мен ерекшеліктерін айтып өтті. Кездесу соңында студенттер өз көкейіндегі сұрақтарды қойып, оларға толыққанды жауап алды.

Ұйымдастырушы: дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерүшісі, филос.ғ.д., профессор Құрманалиева А.Д.

Басылым күні :  24.04.2017