«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Қазақ фольклорындағы діни көзқарас» тақырыбында ашық семинар сағаты өткізілді.

11 сәуір күні сағат 12.00 де, 412 аудиторияда «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға-оқытушысы Мұқан Нұрзат және оқытушысы Мұқан.Н және тарих, археология және этнология факультетінің «Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығының 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Қазақ фольклорындағы діни көзқарас» тақырыбында ашық семинар сағаты өткізілді. Сабақ барысында қазақ фольклорының түрлері туралы презентация көрсетіліп, студенттер осы түрлердің дінгеқатысы жайлы жан-жақты түсіндірді.

         Студенттер қазақ фольклорының ең маңызды жанрларымен қатар мысал ретінде «Қорқыт ата кітабы» , мифтер менәпсаналар жәнеде батырлар жыры жайлы айтып өтті.

Бүгінгі өткізілген ашық сабақ жоғары дәрежеде, мазмұнды түрде өткізілді.

Басылым күні :  12.04.2017